Кітапханамен танысу
25 тамызда Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бір топ қызметкерлері облыстық кітапхананың жұмысымен танысты. Кітапхананың барлық бөлімдеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Ерекше қызығушылық сирек кітап қорына, Айна галереясына, цифрландыру орталығына және академик Қ.И. Сәтбаев залына аударылды. Экскурсия «Тәуелсіздік төрі» алаңында шағын фотосессиямен аяқталды.