Кітапхана сабағы
Кітапхананың кез-келген қызметі бірінші кезекте өз оқырмандарына бағытталған. Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету – кітапхана жұмысындағы басты бағыттардың бірі. №26 Павлодар мектебінің 10-сыныптары үшін «Виртуалды библиографиялық қызмет көрсету» тақырыбында кітапхана сабағы өтті.
Оқушылар заманауи ақпараттық технологиялар арқылы қашықтағы пайдаланушыларға библиографиялық қызмет көрсету түрлерімен, сондай-ақ кітапхана сайтында орналастырылған электрондық ресурстармен танысты. Экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында балалар кітапхана бөлімдеріне барып, олардың жұмысымен, сондай-ақ облыстық кітапхана ұсынатын кітапхана қызметтерімен танысты.