«Кітапханашылардың кәсіби лайфхактары: біліктілігін арттырамыз»
Павлодар облысы кітапханаларының қызметінде кітапханашылардың біліктілігін арттыру өзекті бағыттардың бірі. 5 сәуірде Шарбақты ауданының кітапханасында ауылдық кітапханашыларға арналған «Кітапханашылардың кәсіби лайфхактары: біліктілігін арттырамыз» атты оқыту семинары өтті.
Облыстық кітапхана мамандары шеберлік-сыныптар, тренингтер, практикумдар, іскерлік ойындар өткізді. «Өрмекші торы» психологиялық тренингі эмоционалды көңіл-күйді көтерді, қарым-қатынастың жеңілдігін сезінуге мүмкіндік берді.
Библиографиялық ақпаратты біркелкі, стандартталған түрде беру оны әрі қарай пайдалану ыңғайлылығы үшін өте маңызды, сонымен қатар оны құрастырушының кәсібилігін көрсетеді. ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» бойынша өткен практикум кітапхана мамандарының ерекше қызығушылығын тудырды.
«SMM құралдары: онлайн сервистер мен қосымшала» тренингінде облыстық кітапханадан келген әріптестер тиімді жұмыс істеу үшін пайдалануға болатын пайдалы сервистер мен қосымшалардың топтамаларымен бөлісті, тегін ресурстарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілер үшін контент құру құпияларын ашты.
«Maker Space» үйлестірушісі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханадағы шығармашылық зертханалардың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы «ЖасStar» креативті шығармашылық орталығының және «Кешкі кітапхана» жобасының жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі туралы айтып берді. «Кешкі кітапхана» жобасы пайдаланушылармен, негізінен жұмыс істейтін және оқитын жастардың кешкі уақытта - сағат 18-00-ден 21-00-ге дейін кітапхана қызметін алу мақсатында жұмыс істейді. Бұл уақытта жастар жұмыстан, оқудан кейін кездесуге және қызығушылықтары бойынша сөйлесуге, жаңа нәрсе үйренуге, қызықты креативті адамдарды тыңдауға, өз идеяларын, шығармашылық жобаларын іске асыруға болады. «Кешкі кітапхана» кездесулер бағдарламасы жастар аудиториясы үшін пайдалы бос уақытты, білім беру және ойын-сауық бағдарламаларын олар үшін ең қолайлы уақытта ұйымдастыруға бағытталған.
Театр суретшісі, аквалерист, «Немалевичи» акварель шеберханасының жетекшісі Светлана Кравченконың «Акварель шеберханасы» атты шеберлік-сыныбы жаңа хобби мен мамандық алғысы келетіндерге пайдалы болады, негізгі білімдегі, акварель техникасындағы олқылықтарды толтырды, көптеген жаңа нәрселерді ашуға мүмкіндік берді, қорқыныш пен күйзеліссіз шығармашылыққа ләззат алуға үйретеді.
Қорытынды шығару барысында ауыл кітапханашылары сертификаттар алды.