КІТАППЕН БІРГЕ ДЕМАЛАМЫЗ
Бүгін «Кітаппен бірге демаламыз» атты акциямыздың бірінші күні өтті. Кітапхана алдында арнайы кітаптармен толықтырылған стеллаждар қойылды. Кеше хабарлағанымыздай, мұнда оқырмандарға әйгілі жазушылардың экранизацияланған шығармалары ұсынылды. Атап айтар болсақ, Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер», Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Джеймс Фенимордың Купер «Последний из могикан», Розалин Майлзтың «Возвращение в Эдем», ДЖ.Р.Р.Толкиннің «Хоббит», Николас Эванстың «Заклинатель лошадей», Александр Беляевтың «Человек Амфибия» кітаптары сөрелерден орын алды. Айта кетейік, аталған кітаптарды оқырмандар кітапхана ішінде оқуына немес үйге жаздырып алуына болады.