«Мәңгілік елдің Елордасы» кітап көрмесі
4 шілде күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Астана күніне арналған «Мәңгілік елдің Елордасы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Кітап көрмесіне 100-ге жуық кітап, альбом, энциклопедия, анықтамалық және жолсілтеме қойылған.
Кітап көрмесі бірнеше бөлімнен тұрады: «Ел тірегі – Елорда» көрменің бірінші бөлімінде Астананың тарихы, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы туралы кітаптар қойылған. «Киелі менің Елордам» атты екінші бөлімде сәулет өнері, кескіндеме, мүсін өнері бойынша кітаптар, музыкалық шығармалар енгізілген. Үшінші бөлім «Астана - болашақтың қаласы» - қазақстандық жазушылар мен ақындардың елордаға арналған көркем шығармалары оқырмандар назарына ұсынылған.
Кітап көрмесіне студенттер, оқырмандар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.