«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесі

29 мамырда С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында Қазақстан тарихындағы миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін және жан түршігерлік ашаршылық кезеңі туралы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесінің ашылуы болып өтті. Көрмеде сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбаны болған қайғылы оқиғалар мен деректер көрсетілген. Кітапхана қорынан ұсынылған деректі материалдар сол жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің қатыгез, мағынасыз сипатын түсінуге мүмкіндік берді. Көрменің мақсаты - деректі дереккөздер мен мұрағаттық құжаттарға негізделген әр түрлі басылымдарды, сондай-ақ осы тақырып бойынша көркем шығармаларды көрсету.

Көрмеге еліміздің тарихының осы бір қасіретті бетіне арналған кітаптар, ұжымдық жинақтар, көркем әдебиет туындылары қойылды. Материалдар «Қурғын-сүргін құрбандары», «Ашаршылық ақиқаты», «Аштық тақырыбы – қазақ әдебиетінде» бөлімдерінде орналастырылды.

1997 жылы Павлодарда мұрағатшылар, зерттеушілер, өлкетанушылар дайындаған «Забвению не подлежит» атты кітабы жарық көрді, осы тақырыпты алғашқылардың бірі болып біздің облыста ашқан болатын.

Көрменің ашылуына Торайғыров университетінің филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнуллина Айман Файзуллақызы және  Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.