«Тәуелсіздік - ел тірегі» кітап көрмесі
14 желтоқсанда кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде мемлекеттілігіміздің дамуының барлық кезеңдерін, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық – саяси салаларда болып жатқан аса маңызды оқиғаларды бейнелейтін кітаптар ұсынылған. Бірқатар кітаптар Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсандағы драмалық оқиғалар туралы баяндайды. Барлығы 100-ге жуық кітап қойылған.
Аталған іс-шараға Торайғыров университетінің «Үш тұғырлы тіл» кафедра профессоры, филология ғылымдарының кандитаты, Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Айман Файзоллақызы Зейнуллина, Павлодар облысының ветеринариялық инспекциясының бас маманы Кенжебай Сейсембайұлы Садыгулов, Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, Павлодар қызмет көрсету колледжі, Жоғары Инновациялық көпсалалы колледж студенттері қатысты.