«Ұлттық құндылықтар - еліміздің рухани қазынасы» иллюстрациялық-кітап көрмесі
Қазақстан ерекше аспаздық дәстүрге ие. Қазақтың ұлттық тағамы тарихи тұрғыдан қазақтардың көшпелі өмір салтына негізделген. Ұлттық тағамдар өмірдің маңызды элементтерінің бірі. Қазақтың дәстүрлі тағамдарының басым бөлігі - ет және ұн тағамдары. Тағамдарды дайындау үшін қой еті, сиыр еті, жылқы еті, кейде түйе еті пайдаланылады.
Кітап көрмесінде қазақ тағамдарын жасаудың құпиясын ашатын 50-ге жуық басылым ұсынылған: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалған тағамдар.
«Казахская национальная кухня», «Дастархан», «Блюда национальной кухни» және т.б. тағамдардың суреттері мен сипаттамалары бар түрлі-түсті альбомдар ұсынылды.