«Оқитын Павлодар» атты кітап фестивалі
21 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Оқитын Павлодар» атты кітап фестивалі өтті.
Кітапхананың 10 алаңында түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылды. Серік Тәтенов пен Жұмабай Бегежанов секілді кітапханамыздың үздік оқырмандары марапатталды. «Жанды кітапхана. Адамдар кітап кейпінде», «Оқуға құштар оқырман» атты оқу марфоны, Торайғыров» библио-кафесі, «Кітап сыры» ретро оқу залы, «Легенды Джаза» джаз музыкасының кешіне оқырмандар белсенді қатысты.
«Торайғыров» библио-кафесінде келушілер қазіргі қазақстандық және шетелдік авторлардың ең үздік шығармаларымен, әлемдік әдебиетпен сусындап, викториналық сұрақтарға жауап беріп тәтті сыйлықтарға ие болды.Ал өндірістік әдебиет секторында ұйымдастырылған «Фитобарда» келушілер шайдың әр түрінен дәм татты. Бұдан өзге жылдам оқудан шеберлік-сыныбы, шахматты бір мезгілде ойнау сеансы ұйымдастырылды. Кітапханаға жаңадан тіркелген оқырмандарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар кітапхана қонақтары мен келушілер үшін «Ұлт ұстазы – Ахмет», «Читать подано!», «Шипалы шөптер» кітап көрмелері, викториналар, Буккроссинг және т. б. ұйымдастырылды. Кітап фестивалі джаз музыканттарының кешімен аяқталды.
«Оқитын Павлодар» кітап фестиваліне 600-ден аса қала тұрғыны қатысты.