«Менің оқитын отбасым» топтық-жағдаяттық ойын
А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейінің кітапханасында С.Бязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері «Менің оқитын отбасым» топтық-жағдаяттық ойынын өткізді. Шара «Ұрпақтар сабақтастығы» жоба аясында ұйымдастырылды. Ойынға 9-сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты, олар екі топқа бөлініп, «әке мен бала» қарым-қатынасы, құрдастар арасындағы қарым-қатынас туралы ұсынылған жағдаяттарды талқылады. Барлық ұсынылған жағдаяттар көркем шығармалардан алынды.
Жағдаяттар алынған шығармалар мен авторларын дұрыс атау арқылы қосымша ұпай жинаған «Дети Индиго» тобы жеңімпаз атанды. «Творцы чудес» командасы белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды.