«Анашым» атты сурет байқауы

Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Сондықтан елімізде жыл сайын мамыр айының екінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтіледі. Осындай ерекше мерекеге орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында мүмкіндігі шектеулі оқырмандар арасында «Анашым» атты сурет байқауы өткізілді. Шараға менталдық аутқушылығы бар азаматтарға арналған «Альрами» клубтык үйі, «Аркус» дамыту орталығының тәрбиеленушілері және №7 арнайы мектеп-интернатының оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.