«Зимушка – зима» өлең оқу байқауы

21 желтоқсан күні "Кішкентай оқырман мектебі" жобасы аясында С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында "Зимушка – зима" өлеңдер байқауы өтті. Бұл байқауды өткізудің негізгі міндеттері: балалардың өлең оқу шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру; балаларға өз таланттарын ашуға және шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беру; оқушылардың эмоционалды мәнерлілігін дамыту.

Байқауды өткізу кезінде мынадай критерийлер ескерілді: өлеңнің байқау тақырыбына сәйкестігі; орындаудың мәнерлілігі; эмоционалды мәнерліктің құралдарын пайдалану (интонация, мимика, қимылдар). Барлық балалар өлеңді дұрыс таңдап қана қоймай, мәтінді жақсы жаттап, атауы мен автордың аты-жөнін есте сақтап, оны эмоционалды түрде оқи алды.

Байқау жеңімпаздары:

1 орын - Сидорук Ясмин

 2 орын - Райдер Алина

3 орын - Сұлтанғазин Айзере, Мартынов Тимофей