ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ РЕСМИ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ
Құрметті оқырмандар! Баршаңызды елдегі коронавирусқа байланысты ақпаратты тек ресми сайттардан алуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Ресми ақпарат Электрондық үкімет порталында (egov.kz) қолжетімді.
Қазақстанда індетке шалдыққан адамдармен қатынасқандардың тіркелу/тұрғылықты орындары көрсетілген интерактивті карта іске қосылды. Карта egov.kz сайтында ашық.
Картада науқастармен қатынасқан, үй және стационарлық карантинге орналастырылған адамдардың тіркелу орны туралы ақпарат көрсетілген. Сондай-ақ, коронавирусты жұқтыру бойынша расталған ресми ақпарат та бұл жерде таныстырылған.
Сонымен қатар, электрондық үкімет порталында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі COVID-19 байланысты ерекше назарға алынған нысандардың да жаңартылған картасы жарияланды.
Коронавирус бойынша ресми ақпарат берілген сервистер:
https://egov.kz/cms/ru/articles/koronavirus
https://egov.kz/cms/ru/articles/covid-map
Картада орналастырған барлық ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат жүйелерінен онлайн режимінде жиналады.
Жақын арада сервистің аналогы eGovMobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады.
Пайдалы сілтемелер:
Facebook-тағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасы: https://www.facebook.com/MinzdravRK/
Instagram-дағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасы: https://www.instagram.com/healthcare.gov.kz
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы»:
https://hls.kz/
Қазақстандағы коронавирусқа байланысты ресми мәлеметтер https://www.coronavirus2020.kz/ru сайтында орналастырылған.