Әдеби шығармалардағы сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық тақырыбы өте өзекті. Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды. Осыған байланысты оқу залында «Жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде сыбайлас жемқорлық және онымен күрес тақырыбын қамтитын әдебиеттер ұсынылған. Көрмеге жоғары адамгершілік тақырыбы маңызды орын алатын Әл-Фараби, Шәкәрім, Абай, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин сынды ұлы ойшылдар мен философтардың еңбектері мен шығармалары қойылған. Сондай-ақ Н.Гоголь, М. Салтыков-Щедрин, А. Островский, Д. Фонвизин А. Чехов, У. Шекспир, В. Маяковский, И. Ильф, Е. Петров, М. Зощенко, М. Булгаков сияқты белгілі жазушылар, ақындар, драматургтердің әдеби шығармаларында парақорлық тақырыбы жие қозғалады. Және де авторлар осы шығармалар арқылы шенеуніктердің жарқын көркемдік бейнелерін жасады, парақорлық, жағымпаздықты айыптады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық адамның азаматтық борышы деп білуіміз керек.