«Тәуелсіздік деп соғады жүрек» атты дөңгелек үстел
14 желтоқсан күні кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрек» дөңгелек үстел отырысы өтті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Бұл оқиғаның алдында 1986 жылғы Алматыда қайғылы Желтоқсан оқиғасы орын алды. Желтоқсан қасіреті тарихымызға мәңгілікке енді.
Қатысушылар – ПМУ профессоры Айман Файзуллоқызы Зейнуллина және Павлодар облысы бойынша облыстық ветеринариялық инспекциясының бас маманы Кенжебай Сейсембайұлы Садығұлов осы оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері қатысты.
Олардың назарына кітап көрмесі мен «Желтоқсан желі» бейнеклипі ұсынылды.