«Қуатты армия - қуатты Қазақстан» атты дөңгелек үстел
5 мамыр күні облыстық кітапханада Отан қорғаушылар күніне арналған «Қуатты армия - қуатты Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері ҰҚКД мұражайының қызметкері отставкадағы подполковник Е.Г. Баяндин, отставкадағы полковник М.Қ. Жантемиров, отставкадағы полковник Р.У. Ахметов қатысты. Олар қызмет еткен жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты мен машина жасау колледжі студенттеріне ұлағатты сөздер айтып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді.
Қонақтардың назарына «Қарулы күштер – ел қорғаны» атты иллюстрациялық – кітап көрмесі ұсынылды.