Құрметті достар!
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана #Павлодармәдениеті30 атты жаңа жобаны іске қосады. Әр 2 күн сайын біз Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі облысымыздың мәдени өміріндегі ең қызықты және маңызды оқиғаларды жариялайтын боламыз. Бүгін біз 1991 жылдың желтоқсанынан бастаймыз.
- 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойылды. Осы заңға сәйкес Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып жарияланды.