Құрметті достар, облыстық кітапхана оқырмандары, қала тұрғындары!

Ұлттық статистика агенттігінің деректері бойынша қазақстандық кәсіпорындарының жұмысы қорытындыланды. «Кітапханалар» саласында «С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ» КММ топ-100 үздіктердің қатарына кірді және Қазақстанның сенімді кәсіпорындарының рейтингінде аталып өтті.

Талдау нәтижелері негізінде облыстық кітапханаға «Қазақстанның үздік кәсіпорны 2021» сараптамалық қорытындысын алу, «Сапа жұлдызы» таңбалауын пайдалану құқығы беріледі. Салалық талдау нәтижелері Талдамалық ресурста жарияланды -https://zvezdakachestva.best/.

Облыстық кітапхана ұжымын құттықтаймын! Сіздер кітапханашы мамандығының жоғары деңгейін растадыңыздар және Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қостыңыздар.

Қол жеткізген жетістіктеріңізде тоқтап қалмауды, әрқашан алға жылжуды, кез-келген шыңдарды бағындыруды тілеймін. Табысқа жету жолында әрдайым бақытты жұлдыз жарқырай берсін!

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысы Ш.Шахметова