Құрметті журналистер қауымы!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы қатарында жүретін айрықша кәсіп иелерісіздер!
Қазіргі ақпараттық заманында, бүгінгі өмірімізді радио, телевидение, газет, басқа да электронды құралдарсыз еш елестете алмаймыз. Медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған қоғамымызда журналистер айырықша орын аласыздар. Қашан да мазасыз және маңызды қызметтеріңізді атқара жүріп, қайнаған ортадан табылып, қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер. Өз кәсібіне адалдық, айқын азаматтық көзқарас, жаңашылдыққа ұмтылыс, сергектік қасиеттерін ұстаған қауымды өзге мамандық иелерінен даралап тұрады.
Мәдениетті, оның ішінде кітапхана ісін талмай насихаттап келе жатқан еңбектеріңізге біз де әрқашан алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кітапхана өмірінен жазған қызықты мақалаларыңыз бен жасаған радиохабарларыңыз, түсірген бейнесюжеттеріңіз кітапханашыларды қанаттандырады да, шабыттандырады.
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі істеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін!