Білікті кадрлар – кітапхананың табысты дамуының кепілі
Облыстық кітапханада 2015 жылдан бастап «Кәсіби шеберлік мектебі» біліктілікті арттыру бағдарламасы жұмыс істейді, бағдарлама аясында кітапханашылар оқытудан өтеді. Кітапханаға басқа салалардан жұмысқа жаңадан келген жас мамандар кітапхана кәсібінің қыр-сырын үйренеді.
21 ақпанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың жас кітапханашылары үшін алғашқы сабақ өтті. Әдіскер Б. Боромбаева «Мен ешқашан...» тренингін өткізді, ол жағымды психологиялық көңіл-күйге бейімделуге, қабылдау деңгейін арттыруға көмектесті.
Әрине, жаңа технологиялардың пайда болуымен кітапхана алған мүмкіндіктер өте қажет, бірақ ескі жұмыс әдістерін ұмытпаған жөн. Библиографиялық шолуды дайындау және өткізу әдістемесін Өлкетану библиографиясы және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Т.Муратова ашты. Тәжірибешілер бұл құжаттар туралы ақпаратты тұтынушыларға жеткізудің ең тиімді әдісі екенін айтады.
Жас мамандар келесі сабаққа мерзімді басылымнан кітап пен мақалаға шолу жасауға үй тапсырмасын алды.