«Балалық шақ ережелері» квест-ойыны
11 маусымда облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде №11 мектептің жазғы мектеп жанындағы лагерінің балаларымен «Балалық шақ ережелері» квест-ойыны өтті.
Іс-шараның мақсаты - балаларға танымдық және шығармашылық міндеттерді шешуден қуаныш сезімін сыйлау. Ойынның негізгі міндеті - бақытты балалық шақ формуласын табу. Барлық қатысушылар командаларға бөлініп, «Грамматикалық», «Поэтикалық», «Шығармашылық», «Музыкалық», «Спорттық» станциялардан өтті және тапсырмаларды орындап, бақытты балалық шақ формуласын анықтады, бұл келесі сөздер: қуаныш + қиял + көңіл көтеру + алаңсыздық + ойын-сауық = балалық шақ.
Квест-ойын балаларға коммуникативтік дағдыларын, физикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ достық пен топтық бірлікке деген сезімді нығайтуға көмектесетін спорттық және интеллектуалдық, білгірлік, ептілік, үйлестік, дәлдікке бағытталған тапсырмаларды қамтыды.