Кітап біздің досымыз!
2 Сәуір – Халықаралық балалар кітап күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Кітап біздің досымыз» атты фестиваль болып өтті. Фестиваль барысында жергілікті өнерпаз балалар өнер көрсетіп, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары шараның өтуіне ерекше атсалысты.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар жазушысы Жұмағали Қоғабаймен шығармашылық кездесу өтті. Жазушының қызы, суретші Шынар Жұмағалиқызының сақтарға тән ерекше стильдегі салған суреттері көрмеге қойылып оқырманның ерекше қызығушылығын тудырды.
Балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Кітаппен дос боламыз!» виктариналық ойыны, балалар ақыны, жерлесіміз М.Жаманбалиновтың 100 жылдығының құрметіне «Ойлан да тап» ой сергіту ойыны ұйымдастырылды.
Ал «Андерсен – ертегілер елінде» шарасында балалар түрлі ертегілердің кейіпкерлерін сомдап өнер көрсетті. Елге белгілі жергілікті журналитстер мен балалар арасында «Біз де бала болғанбыз» кездесу өтіп, журналистер оқушылармен еркін сұхбаттасып, сұрақтарына жауап беріп, авторлық өлеңдерін оқып, домбырамен ән шырқады.
«Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі жасалып оқырман балаларға насихатталды.