«Кітап және қаламгер» жобасы
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған "Кітап және қаламгер" жобасы Аққулы ауданында өз жалғасын тапты. Аталған ауданға сапарлап барған Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ақын, ардагер журналист Шолпан Байғалы мен сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алпысбай Әбділұлы жастармен кездесіп әдеби-тағылымды шара ұйымдастырды.
Жоғары сынып оқушылары қаламгелерге сұрақтарын қойып, белсене қатысқандар авторлардың қолтаңбасы қойылған кітаптарды сыйға алды. Әдеби шара Аққулы аудандық орталық кітапханасында өтті.