«Кітап және қаламгер»
14 қазанда Тереңкөл ауданының Байғоныс ауылында С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапхананың «Кітап және қаламгер» жобасы аясында Павлодар ақыны, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шолпан Байғалымен кездесу өтті.
Жоба көшпелі мәдени-ағарту іс-шараларын көздейді және мәдени мұраны сақтау мен Ертістің Павлодар өңірінің жазушылары мен ақындарының шығармашылығын насихаттауға бағытталған.
Іс-шараға ауылдық мәдениет үйінде мектеп оқушылары мен оқытушылары, жастар, ауданның шығармашылық зиялылары, кітапханашылар, байырғы тұрғындары жиналды. Шолпан Байғалы ұзақ уақыт бойы Тереңкөл ауданы Қызылтан ауылында тұрды. Кездесуге қатысушылар аймақты әйгілі еткен жерлестерінің өмірі мен әдеби жолы туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді. Жастар шығармашылық жолдың басталуы, қызықты және есте қаларлық оқиғалары туралы сұрақтар қойды. Шолпан Байғалы өзінің шығармаларының қалай жасалғаны, алғашқы кітаптары туралы айтып, бірнеше танымал шығармаларын оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақын-сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының лауреаты Алпысбай Әбділұлы өзінің сатиралық шығармаларын оқыды.
Тереңкөл ауданының ауылдық кітапханашылары үшін облыстық кітапхана мамандары күнделік, қордың қозғалысын есепке алудың жиынтық және инвентарлық кітабын толтыру бойынша «Кітапханадағы есеп және есептілік» оқыту практикумын өткізді. Кітапханаға заманауи оқырманды тарту, «Оқырман ұлт», «Кешкі кітапхана», «Көше кітапханасы», «СМАРТ-кітапхана» және т.б. республикалық және облыстық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жұмысты жандандыру мәселелері көтерілді.