«Кітапхана – ізгілік мекені»
3 желтоқсан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығына орай «Кітапхана – ізгілік мекені» атты мерейтойлық жиын өтті.
Салтанатты шараға Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова, кітапхана ісінің ардагері, ұзақ жылдар бойы облыстық кітапхананы басқарған Майя Жиенбаева бастаған ардагер кітапханашылар мен аймақтағы бас кітапхананың бүгінгі ұжымы қатысты.
Шара барысында «Еңбек даңқы» төсбелгісімен 38 жыл облыстық кітапхананы басқарған білікті басшы Майя Жиенбаева мен ұзақ жылдар бойы кітапханада адал қызмет атқарған ардегер кітапханашы Назым Шәйкенова марапатталды.
Сондай-ақ, «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісін облыстық кітапхана басшысының орынбасары Баршагүл Байжанова кеудесіне тақты. Сонымен қатар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, жергілікті басқарманың арнайы марапаттарына бірқатар ардагер кітапханашылар мен бүгінгі ұжым қызметкерлері ие болды.