Кітапханада «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы өтті
Орталықтың негізгі мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.
Орталықта белгілі ақын, жазушы, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жалпы зиялы қауыммен және жастармен кездесулер, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихатталады.
Іс-шараның салтанатты ашылуына Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А.Құрманова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының бірінші орынбасары А.А.Балғожин, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ж.Е.Жұмабайұлы, «Ертіс – адалдық алаңы» ЖК жетекшісі Р.А.Исабеков, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы С.Б.Бегалинова, білім басқармасының басшысы Д.Болатханұлы, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы Ш.Б.Шахметова, ақын Жарқынбек Амантайұлы және т.б. қатысты.