«Қазақстан Тәуелсіздігінің тұжырымдамалық негіздері» дәрісі
20 қазанда ҚАЖ қызметкерлері мен бас бостандығынан айырылғандарға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында дәріс өткізілді. Тыңдаушыларға ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының негізгі ережелері, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің құндылығы, тарихи, дүниетанымдық және халықаралық негіздері туралы айтылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.