«Әлем зағип жандардың көзімен» дәрісі
14 қазан күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Халықаралық «Ақ таяқ» күніне арналған «Әлем зағип жандардың көзімен» атты дәріс өтті. Іс-шараға жеке кәсіпкер зағип Мадина Абдыгазизова мен Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Дәріс барысында Мадина Абдыгазизова көз жанарынан айырылғанына қарамастан жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар «Ақ таяқ» күнінің тарихымен танысып, зағип және нашар көретін жандармен қалай байланысуға болатыны туралы жадынамалар алды.