«Татар тіліндегі әуендер» дәрісі
17 ақпанда облыстық кітапханада «Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Жеті жұрттың тілін біл» топтамасынан «Татар тіліндегі әуендер» тақырыбында дәріс өтті. Кеш бағдарламасына сәйкес орталық басшысының орынбасары Роза Нуриқызы Сераджетдинова мұнай-газ колледжінің студенттерін татар тілінің тарихы және дамуымен таныстырды. «Чигимя» вокалдық тобының мүшесі Фарзалиева Анисидің орындауында «Казан кичләре», «Саубулламу» әндері және К.Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің татар-башқұрт бөлімінің оқушысы Харисов Саяшгулланың Отанымыз Қазақстан туралы татар тіліндегі өлеңі шырқалды.