Ленинградтық Жеңіс Күні
11 ақпанда С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру зерттеу жасағымен бірлесіп, отбасы үлгідегі балалар үйінін тәрбиеленушілеріне Ленинград қоршауының жойылуының 80 жылдығына арналған ерлік сабағы өтті.
Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының мүшелері Шитов Александр, Мұқышев Болат іздестіру қызметі туралы, Ленинград үшін шайқастарға қазақстандықтардың қосқан үлесі мен қатысуы туралы, құрбан болғандар мен батырлардың естелігін жас ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Орталық жетекшісі Аулбаева Әсемгүл Ұлы Отан соғысының басты шайқастары туралы тікелей материалдардан тұратын, Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арналған айтулы еңбегі туралы кітаптарға шолу жасады.
№26 орта мектептің 7-сынып оқушылары Ратмир Бородихин мен Никита Приходько Ленинград облысындағы еске алу вахтасындағы бірінде «Майдан жолы» жасағы тапқан барлық заттард мен жәдігерлерді көрсетіп, толық ақпарат берді. Шараға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, фотомұрағаттар мен жәдігерлерді зор ықыласпен қарады, кейбіреулері жасақпен бірге іздеу экспедициясына шығуды өтінді.