«Француз тілінің сиқыры» лингвистикалық кеші

15 ақпанда «Кітаппен ғаламшар бойында» жобасы аясында «Француз тілінің сиқыры» атты лингвистикалық кеш өтті, оған ППУ және жоғарғы экономикалық «Қазтұтынуодағы» атты колледждерінен стундеттер және оқутышылары шақырылды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің назарын француз тілін үйренуге аудару. Шара барысында француз тілін оқитын №3 гимназия мен дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары француз тілі пәнінің мұғалімі Қымбат Қанашқызы Батаевамен бірге барша француз тілін сүйетіндер мен білушілерге мәдени бағдарлама дайындады. Олар театрландырылған қойылымдар, романтикалық француз әуендері, француз ақындарының өлеңдерімен таныстырған болатын. ППУ Жоғары гуманитарлық мектебінің студенті Аида Тоқтарова француз тілінің білім беру тарихы мен даму тарихына тоқталып, сонымен қатар шет тілдерін үйренуге шақырып, шет тілдерінің маңыздылығын айта кетті. Сөз көрнекі презентациямен сүйемелденді.  Кешке қатысушылар үшін «Француз тілі, әдебиеті және мәдениеті» атты кітап көрмесі дайындалды.