«ШӘКЕН АЙМАНОВ - ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН

15 ақпанда кітапханада актер, театр және кино режиссері, Қазақстанның халық әртісі Ш. Аймановтың 110 жылдығына арналған «Шәкен Айманов қазақ киносының жарық жұлдызы» атты әдеби-интеллектуалдық ойын  ұйымдастырылды. Ойын барысы туған өлкеміздің айтулы тұлғасы, кино майталманы, өнер саңлағы, халқымыздың кино өнерін дамытып, кемеліне жеткізген талант иесі Шәкен Айманов туралы болды. Шәкен Аймановтың түсірген фильмдерінен, орындаған әндерінен қысқаша үзінділер көрсетілді.

 Интеллектуалдық ойын 2 кезеңнен тұрды, оған 4 топ қатысты. Ең көп ұпай жинаған команда Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернатының оқушылары жеңімпаз атанып, оларға диплом және белсене қатысқан командаларға алғыс хаттар мен кітаптар сыйға берілді.

Әдеби-интеллектуалдық ойынға өнерсүйер қауым мен мектеп оқушылары қатысты, оларға «Қайталанбас дарын» атты кітап көрмесі ұсынылды.