«БАР БЕРЕКЕ-БІРЛІКТЕ» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ

30 сәуірде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығы» ҚБ қатысуымен

«Бар береке-бірлікте» әдеби-музыкалық кеші өтті. Кештің бағдарламасында: «Самұрық» хореографиялық ансамблінің әр биді орындаудың күрделі техникасымен өнер көрсетуі, Қазақстан туралы әндер мен өлеңдерді виртуозды орындау, мордва халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен, тілімен, ұлттық ойындармен викторинамен таныстырды. Этномәдени орталық «Рахмет саған менің Қазақстаным» атты халықтық - қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесін, сонымен қатар бейне-презентациясын ұсынды. Іс-шараға қала колледждерінің студенттері,өрт сөндіру бөлімі, дарынды балаларға арналған 8-лицей қатысты.