«Бата алғанның бағы бар» атты әдеби сағаты

19 қаңтар күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Асыл қазына» жобасы аясында «Бата алғанның бағы бар» атты әдеби сағаты өтті.

Әдеби сағаттын қоңағы Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филалы мен «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Атырау қаласында өткен «Батаменен ел көгерер» атты республикалық байқауға қатысып, бата беруден жеңімпаз атанған Сыздықов Балтабай Сәкенұлы.

Шараға «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары мен М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері қатысты. Балтабай Сәкенұлы оқушыларға бата және батаның қасиеті, батаның түрлерін, оның адам өміріне тигізетін әсері туралы өте көп маңызды ақпарат айтты. Б.Сыздықов балалардың сұрақтарына жауап беріп, өскелен ұрпақтың бойында ұлттық намыс, тәрбие, ұлттық сана сезім, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімізді балалық шақтан қалыптасуы керегіне назар аударды. Шараның соңында Б.Сыздықов қатысушыларына ақ батасын берді.