«Ғибратты ғұмыр иесі» әдеби сағаты
6 қазан күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында танымал қазақ жазушысы Калмұқан Исабаевтың (1925-2015) өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғибратты ғұмыр иесі» атты әдеби сағат өтті. Жазушы, журналист, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмұқан Исабаев Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. 30-дан астам пьесалардың, повестердің, әңгімелердің, очерктер мен романдардың авторы. Ол қазақ жазушыларының ішінде бірінші болып еуропалықтардың өмірін кітаптарда бейнелеген. Қ. Исабаевтың бастамасымен 2000 жылы Берлиндегі даңғылдардың біріне қазақтың ұлы ойшылы Абайдың есімі берілген.
Әдеби сағатқа қатысушылар – Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж оқушылары жазушының қызықты өмірбаянымен танысты. Қалмұхан Исабаевтың кітаптарын қарау ұйымдастырылды. Оқырмандардың назарын 1959 жылы шыққан «Баян» атты алғашқы әңгімелер жинағы аударды. Сонымен қатар жазушының шығармашылығына қызығушылық танытқан «Қара бала» атты соғыс кезінде жетім қалған жасөспірімнің өмірі туралы повесть. Бұл кітап негізінен өмірбаяндық. Қалмұхан Исабаевтың әдеби мұрасы Ертістің Павлодар өңірінің тарихын тануда баға жетпес болып табылады.