«Несу я людям добрый свет...» әдеби кеші
Павлодар өңірінің тарихын зерттеуші, өлкетанушы, журналист, ақын, аудармашы, Ұлы Отан соғысы ардагері Дмитрий Петрович Приймактың 110 – жылдығына орай 7 қарашада «Несу я людям добрый свет...» атты әдеби кеш өтті. Дмитрий Петрович Баянауыл өлкесін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты.
Өлкетанушының «Баянаул заповедный», «Скалы и легенды Баянаула» кітаптары арқылы біздің өлекенің көрікті орындарына экскурция жүргізуге болады. Кітаптарда тек қана өлкетану емес, атақты тұлғалар, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де саяхат жасауға болады. Іс-шара барысында өлкетанушы Д.П.Приймактың «Мифы и легенды Баянаула» атты кітабы бойынша дайындалған презентация ұсынылды. Әдеби кешімізге №27 орта мектеп оқушылары және түсті металлургия колледжінің студенттері қатысты.