«Абай тағылымы» атты әдеби кеш
2022 жылдың 10 тамызында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 177 жыл толуына орай «Абай тағлымы» атты әдеби кеш өтті.
1995 жылы елімізде Абайдың туғанына 150 жылдық меретойы халықаралық дәрежеде кеңінен аталып өткізілген. Ең маңызды іс-шаралар оның отаны - Семейде өтті. Мерекеге Павлодар облысының делегациясы қатысты. 27 жыл бұрын өткен іс-шараға қатысушылар оның қалай болғанын еске алу және қазақ халқының көрнекті ұлына құрмет көрсету үшін кездестеді. Мерекелік кездесу барсында сол кездегі Ақсу қаласының әкімі Е.Трусовтың түсірген бейнефильмі көрсетілді. Абайдың «Қара сөздері», өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары және поэзияны сүйер қауым қатысты.