ЛЯЗИЗА СЕРҒАЗИНАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
19 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Ертістің ерке елігі» атты еске алу кеші өтті. Алғашқы қазақтан шыққан журналист, фотограф, Павлодар облысының бірінші ұстаздарының бірі, талантты аудармашы, жарқын бейне, қазақтың халық ақыны Әбу Сәрсенбаевтың жары және музасы болған - Ләзиза Серғазинаның туғанына биыл 110 жыл толып отыр.
Оның қолдауымен Ф.Оңғарсынова, М.Әлімбаев, Қ.Исабаев сынды көптеген белгілі қазақ ақындарының шығармашылығы қалыптасты. Қарымды қаламгер көптеген қазақстандық журналистерді тәрбиелеп шығарды. Солардың ішінде кешіміздің қонағы жерлесіміз, ақын, журналист, аудармашы Шолпан Байғалы өзінің естелігімен бөлісті. Іс-шараға С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің және ИнЕУ-дің журналистика кафедрасының ұстаздары мен студенттері, шығармашылық қауым қатысты.