М. Әшімбаевтың облыстық кітапханаға іс-сапары

10 желтоқсан күні облыстық кітапханаға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.С.Әшімбаев және Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауов келді. Бүгінгі таңда кітапхана тек қосымша білім алып қана қоймай, сонымен қатар демалуға және қарым-қатынас жасауға арналған заманауи білім орталығы болып табылады. Қала тұрғындарының бос уақытын өткізуге барлық жағдай жасалған, электронды кітаптарды оқып, Интернетте жұмыс істеуге арналған орындар жабдықталған.

Облыстық кітапхана басшысы оқырмандардың барлық санаттарына, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ақпараттың қол жетімділігі туралы айтты, оларға «Жанашыр» орталығында арнайы жабдықтар - Брайль шрифтімен мәтін теруге және кейіннен басып шығаруға, кітаптарды тыңдауға, оқуға арналған арнайы техникамен және т.б ұсынылған. Кейін кітапхана процестеріне РФИД – технологиясын енгізу және «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасын іске асыру туралы ақпарат ұсынды.

Қонақтар кітаптар мен мерзімді басылымдарға арналған үш кәсіби сканермен жабдықталған өлкетану құжаттарын цифрлау орталығын, оқу залы мен Павлодар Ертіс өңірінің жазушылары және жас ақындарымен кездесу өткен коворкинг орталығын аралады.