«Майданнан келген хат» жобасы аяқталды
«Ерлікке тағзым» виртуалды мұражайымен жұмыстың жалғасы ретінде іске асырылған «Майданнан келген хат» жобасы аяқталды. Бұл жоба павлодарлық Ұлы Отан соғысына қатысушыларының ерлігі мен батырлығына арналған және әлеуметтік жадыны жандандыруға бағытталған.
Павлодарлық майдангерлердің 50-ден астам хаттарын кітапхана достары – жазушылар, ақындар, журналистер, теле және радиожүргізушілер, ғалымдар, мұғалімдер, театр және кино актерлері, әртүрлі ведомстволардың кітапханашылары, студенттер, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының өкілдері, шығармашыл жастар - бишілер, суретшілер, жастар театр студияларының актерлері, блогерлер оқыды. Олардың әрқайсысы жас павлодарлықтардың жат елде бастан кешкен барлық сезімдерін өз жүректерінен өткізді. Виртуалды мұражайда аналарға, әкелерге, қалыңдықтар мен жұбайларына, достар мен ауылдастарға жазылған 500-ден астам хаттар сақталған, марафон 8 айдан астам уақытқа созылды, ал жоба жас ұрпаққа майдангерлердің сезімдерін және осы қанды майданның барлық қасіретін жақсы түсінуге көмектесті деп үміттенеміз. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Майданнан келген хат» жобасының барлық қатысушыларына алғыс білдіреді және бар жақсылықты тілейді!