МАЙЛЫҚТАН «БАҚЫТ АҒАШЫ» АТТЫ ТОПИАРИЙ ЖАСАУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК КЛАСЫ
22 қыркүйек күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің балалар шығармашылығы секторында кезекті шеберлік класы болып өтті, балалар түрлі-түсті майлықтардан топиарий жасады. Сектор жетекшісі Д. Рахимжанова балаларға топиарийдің тарихы жөнінде, оның түрлері, қандай материалдардан жасалатыны туралы толығырақ айтып берді.
Грек тілінен аударғанда топиарий «бақыт ағашы» деген мағынаны білдіреді, оны жасау үшін кофе дәндері, гербарий, тастар, мата кесінділері және т. б. пайдаланылуы мүмкін. Ең бастысы, оны өз қолынмен жасау керек.Сектор жетекшісі салфеткалардан гүл жасауды және топиарийді қалай безендіру керектігін көрсетті. Балалардың жұмыстары өте қызықты, жарқын және әдемі болып шықты, олар бүгінде кітапхана фойесі мен бөлімдеріне ерекше көрік беруде.