Maker Space Pavlodar ашылуы
8 қазан күні С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 30 жылдығы, креативті экономиканың дамуы, сондай-ақ С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың 125 жылдығы аясында Maker Space Pavlodar ресми ашылуы өтті.
Maker Space Павлодар облысында «креативті экономика» жобасын іске асыру шеңберінде кітапханалар жұмысының жаңа моделі болып табылады.
Maker Space-идеяларды жүзеге асыруға арналған шығармашылық зертхана, жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына арналған алаң. Maker Space идеяларды, жобалар мен стартаптарды іске асыруда пікірлестерді іздеу, инновациялық форматта күрделілігі мен бағыты әртүрлі техникалық жобалармен жұмыс істеу үшін жағдай жасайды. Орталықтың ашылуы қаламыздың мәдени және білім беру өміріндегі маңызды оқиға болып табылады және оқушыларға мамандығымен сәйкестендіруге, ал студенттерге кәсіби өсуге, жобалық модельдеу үшін жабдықтарға қол жеткізуге, микроэлектроника, робототехника, ағаш өңдеу және т. б. бойынша жобалар жасауға мүмкіндік береді.
Ашылу салтанатына Уақытша Сенімді өкіл Джуди Куо ханым, атташенің мәдениет жөніндегі орынбасары Джон Орак, Chevron компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Джон Болтс, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің, Павлодар облысының жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ шығармашыл және креативті жастар қатысты.
Іс-шара барысында робототехника мектебіне қатысушылардың жұмыстары ұсынылды.