«Менің мамандығым металлург» кәсіби сағаты
13 ақпан күні облыстық кітапханада «Менің мамандығым металлург» атты кәсіби сағат өтті. Шараға қатысу үшін Павлодар Жоғары түсті металлургия колледжінің бірінші курс студенттері шақырылды. Студенттер кітапхананың қызметімен, әртүрлі клубтардың, үйірмелердің, курстардың, жобалардың және кітапхана бағдарламаларының жұмысымен танысты. Академик Сәтбаев залында Баянауыл мемориалдық музей қорынан алынған минералдар жинағы мен көптеген материалдар студенттерді ерекше қызықтырды. Кітапханадағы «Абай алаңы» мәдени-танымдық орны да оқырмандар арасында үлкен танымалдылыққа ие, онда ұлы ақын, философ Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған барлық әдебиет ұсынылған. Колледж студенттері өткен ғасырдың 40-50 жылдары жарық көрген кітаптармен толықтырылған «Қазақстан. Абай. Руханият» атты кітап көрмесімен толығырақ танысты.