«Айсинг – кондитерлік өнімге сурет салу» шеберлік сағаты
30 қаңтар күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Кенжекөл орта мектебінің оқушылары мен барша қала тұрғындарына «Айсинг – кондитерлік бұйымдарға сурет салу» атты шеберлік сағаты өтті. «Ертіс» жоғары инновациялық аграрлық колледжі филиалының оқытушысы Бақытжан Галимова өз тәжірибесімен бөлісті.
Мұғалім печеньелерді бояу бойынша шеберлік сабағын өткізіп, корольдік глазурь жасау және безендіру құпияларын айтты. Бұл өте қызықты шығармашылық процесс болды. Ұсынылған қадамдық нұсқаулықтың көмегімен бұны орындау мүлдем қиын болмады.