«Қытай тілін тану» каллиграфия шеберлік сабағы
20 сәуірде Дүниежүзілік әдебиет залында қытай тілі күніне орай «Қытай тілін тану» каллиграфия шеберлік сабағы өтті.
Мереке 2010 жылы «көптілділік пен мәдени әртүрлілікті тойлау мақсатында» құрылған. 20 сәуір күні қытай жазуын 5000 жыл бұрын ойлап тапқан Кан Цзеге құрмет көрсету үшін таңдалды.
Іс-шара барысында қатысушылар иероглифтердің пайда болу тарихының бір нұсқасымен танысты. Сонымен бірге каллиграфия дағдыларын арттырып, өнердің осы таңғажайып түрінің негізгі білімдерімен танысуға мүмкіндік алды.