«ҰЛТТЫҚ КҮНІНДЕ» - АСЫҚ ОЙНАУ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Ұлттық күн» жобасы аясында «Қазақ балаларының байырғы асық ойыны» атты шеберлік сыныбы өтті. Кішкентай оқырмандарымызға арналған «Асық ойыны» шеберлік сабағын Павлодар ауданы, Мичурино ауылының кітапханашысы, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттау мақсатты «Мұрагер» үйірмесінің үйлестірушісі Алтынай Сесерхан жүргізді. Ол ойынның шығу тарихына тоқталып, асықтың Орта Азияда кең тараған балалар ойынының бірі екендігін, кейде асықтардың түрлі түске боялатынын, көлеміне, салмағына қарай бағаланатынын, әртүрлі атаулары бар екенін айтты. Мұндай ойындар танымдық және физикалық дағдыларды дамытуға ықпал етеді, қабылдауды, зейінді, ойлауды, конструктивті дағдыларды, тапқырлықты дамытады.
«Мұрагер» үйірмесінің қатысушылары асық ойнау тәжірибесімен бөлісіп, «Ханталапай», «Бес асық», «Асықты тігіп ойнау» атты бірнеше түрі бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.