«Заманауи қазақи ою-өрнек» атты ұлттық қолданбалы өнері бойынша шеберлік сабағы
Бүгін «PavlodART» бейнелеу өнері фестивалі аясында тағы бір «Заманауи қазақи ою-өрнек» деп аталатын ұлттық қолданбалы өнері бойынша шеберлік сабағы өтті.
Шебердің көз жауын алар бұйымдарынан шабыт алған келушілер, қолдарына ине-жіп алып іске кірісіп кетті: шебердің нұсқаулығымен қазақы ою-өрнек сызып, бисер, жылтыр тастармен, інжу-маржандармен, моншақтармен кестеледі.
Шеберіміз Гүлбаршын Әлиасқарова қыздарға сәнді ұлттық ою–өрнек жасауды кезең-кезеңімен, байыппен түсіндіріп шықты. Әрине, аса шыдамдылықты қажет ететін айдан анық. Сол себептен қатысушылар екі сағаттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалды.
Шара соңында Гүлбаршын Әлиасқарова өз қолынан шыққан ұлттық бас киімдер, бешпенттер, әшекейлер, тастармен безендірілген сөмкелерді көрермен назарына ұсынды.
Сонымен қатар, шебер өз жұмыстарын көрсетті – бұл қазақтың сәнді бас киімдері, әшекейлер, кесте салынған сөмке және ұлттық жеңсіздер.