«Тиффани» техникасында витраждар жасау бойынша шеберлік сағаты
Бүгін креативті шығармашылық орталығында ыстық шығармашылық шеберханасы болған секілді. «ART-STUDIO» жастар жобасы аясында «Тиффани»техникасында витраждар жасау бойынша шеберлік сағаты өтті! Тиффани техникасы мыс, сым патиналарымен біріктірілген түрлі-түсті шыны сынықтарын қолданумен ерекшеленеді. Бұл керемет дизайнға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Павлодар көркемсурет колледжінің оқытушысы Родион Кастеничтің жетекшілігімен қатысушылар витраждар жасаудың барлық кезеңдерінен өтті: түрлі – түсті шыныларды кесіп, тегістеуіштермен қайрап, әр бөлшекті фольгамен желімдеп, дәнекерлегеннен кейін-сурет жинады! Жұмыс өте көп уақытты және табандылық пен шыдамдылықты қажет етті, бірақ барлық қатысушылар өз жұмыстарын толық аяқтады! Жұмыстар әртүрлі болды - өз қолдарымен жасалған таңғажайып құстар барлығын қуантты! Үш жарым сағат байқалмай ұшып кетті! «Креативті шығармашылық орталығы» осындай іс-шараларды қолдайды және қатысушылардың өнері мен шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Мұндай шеберлік сабақтары таланттарды ашуға, адамдарды шабыттандыруға және шығармашылық арқылы олардың даралығын көрсетуге мүмкіндік береді.