Қағазға қолмен басып шығару техникасы бойынша шеберлік сабағы

Павлодар көркемсурет колледжінің суретшісі, оқытушысы Кастенич Раджан Миржанович «PavlodART» бейнелеу өнерінің ІІ фестивалі аясында қаланың шығармашыл жастарына арналған қағазға қолмен басып шығару техникасы бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Технология ретінде басып шығару адамзатқа бұрыннан белгілі. Бірнеше мың жыл бұрын Ежелгі Мысырда мөрлер мен штамптар болған. Басып шығарылған өрнегі бар маталардың өте ежелгі үлгілері де белгілі.

Қолмен басып шығару әдістері суретті көбейтуге, басқа сапаға аударуға мүмкіндік береді. Сабақ басында шебер осындай техниканың бір түрі - монотипия туралы айтып, шыныға сурет салу және қағазға отиск жасау процесін айқын көрсетті. Содан кейін қатысушылар педагогтің жетекшілігімен басқа техниканы - пластиктен гравюраны қолданып көрді. Павлодарлықтарға осындай ерекше және өте қызықты шеберлік сабағы ұнады!