«Сиқырлы домбыра» шеберлік сабағы
Әр жылы шілде айының бірінші жексенбісінде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін атап өтетіні мәлім. Домбыра - қазақ елінің көнекөз шежіресі. Ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Осы айтулы датаға орай біздің кітапханада іс-шаралар, шеберлік сабақтар өтіп жатыр.
Бүгін С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Қызыл алма» клубының шеңберінде білім беру ісінің үздігі, Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Өнер академиясының корреспондент-мүшесі - Такирбасов Ерсин Каскиевич «Сиқырлы домбыра» атты шеберлік сағатын өткізді.
Балаларды қазақтың ұлттық аспабымен таныстырды. Домбыра туралы аңыздарды әңгімеледі, домбыраның құрылымын айта отырып аспапты қалай дұрыс салу керектігін көрсетті. Содан кейін балалар домбыраның суретін салуға кірісті. Шара балалар жұмыстарының көрмесімен аяқталды.